ҚР ІІМ-нің учаскелік полиция жүйесін жаңалауға бағытталған пилотты жобасы Қостанай аудандық ІІБ-нің негізінде жүзеге асырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ІІМ-нің учаскелік полиция жүйесін жаңалауға бағытталған пилотты жобасы Қостанай аудандық ІІБ-нің негізінде жүзеге асырылады

ҚР ІІМ-нің учаскелік полиция жүйесін жаңалауға бағытталған пилотты жобасы Қостанай аудандық ІІБ-нің негізінде жүзеге асырылады

ҚР ІІМ-нің учаскелік полиция жүйесін жаңалауға бағытталған пилотты жобасы Қостанай аудандық ІІБ-нің негізінде жүзеге асырылады. Бұл туралы осы аймаққа жұмыс сапарымен келген ҚР ІІМ Зауытбек Тұрысбеков мәлімдеді. "Реформаның артықшылықтары мен кемшіліктерін айқындау үшін біз жаңа полицияның үлгісін бастапқы кезеңде шағын учаскеде сынап көруіміз қажет. Ал тәжірибенің оңды тұстары жаппай қолданысқа енгізіледі",- деді министр.

  • 4 Ақпан 2004
  • 923
Фото - Caravan.kz

Облыс әкімімен және облыстық ішкі істер басқармасы бастығымен келісу негізінде сынақ үшін Қостанай қаласының іргесіндегі бір аудан таңдап алынды. Сол ауданның негізінде жаңа құрылымның ең тиімді сандық және сапалық сипаттамаларының схемасы жасалады.

Қазір бұл ауданда 20 учаскелік инспектор жұмыс істейді. Олардың саны алдағы уақытта 30-ға дейін арттырылуы мүмкін. Олардың барлығы да тұрғын үймен, қазіргі заманғы жедел байланыс құралдарымен және көлікпен қамтамасыз етіледі. Учаске инспекторының жалақысы 41 мың теңге болмақ. Олар жұппен жұмыс істейтін болады.
«Инспекторға серіктес қосып беру олардың қылмыскерлерге қарсы тұру тиімділігін арттырады»,- дейді министр.
Учаскелік тәртіп сақшылары үшін кәсіптік-техникалық және әлеуметтік жағдайлар жасалып қана қоймай, Еуропадағы консьерж институты сынды халықпен ықпалдастық құрылымы қалыптастырылады. Министрдің пайымдауынша, халықтың полиция қызметкерлерімен ақпарат бөлісуі қылмыс түрлерінің, соның ішінде тұрмыстық қылмыстардың алдын алуға негіз болмақ.
Сондай-ақ, ҚР ІІМ-де бұрынғыдан мүлдем өзгеше жаңа киім үлгісі жасалды. «Киім полиция қызметкерінің өздері үшін тартымды болып қана қоймай, айналасындағы адамдардың құрмет-ілтипатын қалыптастыруы қажет»,- деді З.Тұрысбеков.
Пилотты жобаның алғашқы қорытындысы жүзеге асырыла бастағаннан жарты жылдан кейін шығарылады. Жоба жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Сынақты жүзеге асыруға қанша қаржы қажеттігін облыстық әкімшілік мамандары дәл қазір тап басып айта алмай отыр.
Облыстық мәслихат хатшылығының ақпаратына жүгінсек, алдағы сессияда депутаттар 2004-жылғы облыстық және жергілікті бюджеттерге енгізілетін өзгерістерді бекітеді. Өзгерістер Қостанай аудандық ІІБ-ның негізінде жүзеге асырылатын пилотты жобаға қатысты болуы да ықтимал.
Министрдің айтуынша, жаңа полицияның моделін құруға арналған эксперименттік аудан еліміздің 16 аймағының әрбіреуінен таңдап алынады.

Соңғы жаңалықтар