ҚР Индустрия министрлігі "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар туралы" заң жобасында ӘКК активтерін жекешелендіруге тыйым салу жөніндегі норманың пайда болу мүмкіндігін жоққа шығармайды
Астана. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Индустрия және сауда министрлігі "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар туралы" заң жобасында ӘКК активтерін жекешелендіруге тыйым салу жөніндегі норманың пайда болу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бүгін парламент мәжілісінде өткен "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар туралы" заң жобасының таныстырылымы кезінде ҚР индустрия және сауда министрінің орынбасары Еділ Мамытбеков осындай пікір білдірді, деп |
хабарлайды агенттік тілшісі.
"Қазір заң жобасында мұндай норма жоқ, бірақ сіз бен біз бірлесе отырып заң жобасына ӘКК активтерін жекешелендіруден қорғаудың қандайбір схемасы туралы норма қосу жайын ойластыра аламыз, мен оны қолдаймын", - деді Е. Мамытбеков.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін