ҚР Индустрия министрлігі "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар туралы" заң жобасында ӘКК активтерін жекешелендіруге тыйым салу жөніндегі норманың пайда болу мүмкіндігін жоққа шығармайды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Индустрия министрлігі "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар туралы" заң жобасында ӘКК активтерін жекешелендіруге тыйым салу жөніндегі норманың пайда болу мүмкіндігін жоққа шығармайды

ҚР Индустрия министрлігі "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар туралы" заң жобасында ӘКК активтерін жекешелендіруге тыйым салу жөніндегі норманың пайда болу мүмкіндігін жоққа шығармайды

Астана. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Индустрия және сауда министрлігі "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар туралы" заң жобасында ӘКК активтерін жекешелендіруге тыйым салу жөніндегі норманың пайда болу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бүгін парламент мәжілісінде өткен "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар туралы" заң жобасының таныстырылымы кезінде ҚР индустрия және сауда министрінің орынбасары Еділ Мамытбеков осындай пікір білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 18 Қыркүйек 2008
  • 558
Фото - Caravan.kz

«Қазір заң жобасында мұндай норма жоқ, бірақ сіз бен біз бірлесе отырып заң жобасына ӘКК активтерін жекешелендіруден қорғаудың қандайбір схемасы туралы норма қосу жайын ойластыра аламыз, мен оны қолдаймын», — деді Е. Мамытбеков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар