ҚР индустрия және сауда министрі ӘКК мүлкін олардың шағын және орта бизнеспен бірлескен жобаларын несиелендіру үшін кепілзат ретінде пайдалануды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР индустрия және сауда министрі ӘКК мүлкін олардың шағын және орта бизнеспен бірлескен жобаларын несиелендіру үшін кепілзат ретінде пайдалануды ұсынады

ҚР индустрия және сауда министрі ӘКК мүлкін олардың шағын және орта бизнеспен бірлескен жобаларын несиелендіру үшін кепілзат ретінде пайдалануды ұсынады

Астана. 18 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР индустрия және сауда министрі Владимир Школьник ӘКК мүлкін олардың шағын және орта бизнеспен бірлескен жобаларын несиелендіру үшін кепілзат ретінде пайдалануды ұсынады. Мұндай ұсынысты ол бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында ортаға салды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 18 Тамыз 2008
  • 659
Фото - Caravan.kz

«Меніңше, ӘКК мүлкін олардың шағын және орта бизнеспен бірлескен жобаларын несиелендіру үшін кепілзат ретінде пайдалану мүмкіндігін қарастыруға болатын секілді. Бұл құралды дәл қазір осы процесске тартуға болар», — деді В. Школьник.

Министрдің пайымдауынша, қысқа мерзімді перспективада «сауда және делдалдық қызметпен шұғылданатын шағын кәсіпкерлік субьектілеріне мемлекет тарапынан қаржылық қолдауға қойылған шектеуді алып тастау мүмкіндігін қарастыруға болады».

«Шағын және орта бизнесті несиелендіруге қатысушылардың басым бөлігінің пікірінше, банктердің осы саладағы белсенділігінің төмендігі бағдарламаның бастапқы шарттарының қатаңдығына, ең бастысы, сауда-саттық және делдалдық операцияларын қаржыландыруға тыйым салуға байланысты, ал бұл — қазіргі төлемдік қабілеті бар несие алушылардың басым бөлігі», — деді В. Школьник. Оның айтуынша, «осы ұсыныс мақұлданған жағдайда министрлік дайындап қойған «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңның 19-бабының 2-тармағынан тиісті тыйымды алып тастау туралы жоба енгізіледі».

Сонымен бірге индустрия және сауда министрі «бюджеттен шағын және орта бизнесті қолдауға бөлінген қаржыдан бұрындары бөлінген несиелерді қайта қаржыландыру проблемасын шешуді ұсынады, тым құрыса, өңдеу және ауылшаруашылығы саласына бөлінген несиелер қайта қаржыландырылса» деген ұсыныс білдірді. «Біздің тағы бір ұсынысымыз — тек шағын ғана емес, орта бизнесті де несиелендіруге рұқсат беру. Мұндай жайт үкіметтің тиісті қаулысында қарастырылмаған», — деді ол.

«Орта мерзімді перспективада несие алуға кепілдік беру мәселелерін қарастыруға болар еді. Кепілзаты болмағанымен, жақсы бизнес-жоспары мен кәсіби ұжымы бар болған жағдайда біздің даму институттарымыз, атап айтсақ, жеке меншік «Даму» қоры екінші деңгейлі банктерден алған несиелерге кепілдік бере алар еді», -деді В. Школьник.

Сонымен бірге индустрия және сауда министрі «банктер әдетте өз өкілдіктерінен немесе филиалынан 100 шақырымнан алыс жерлерде, әсіресе ауылдарда орналасқан бизнеске несиені үлкен құлықпен бере қоймайтынын» атап өтті.

«Ұлттық банк несиелендіру нарығында өңірлік айырмашылықтардың өте үлкендігін атап өтуде. Барлық таратылған несиелердің 45%-дан астамы Алматыға, қалған барлық несиелердің 90%-дан астамы облыс орталықтарына бағытталады, ал шалғайдағы ауыл тұрғындарына ақша жетпей қалады. Мұндай жағдай жуырда өзгере қояды деп ойламаймын», -деді В. Школьник.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар