ҚР индустрия және сауда министрі болып Сауат Мыңбаев тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР индустрия және сауда министрі болып Сауат Мыңбаев тағайындалды

ҚР индустрия және сауда министрі болып Сауат Мыңбаев тағайындалды

ҚР индустрия және сауда министрі болып Сауат Мыңбаев тағайындалды. С.Мыңбаев министрлік қызметті бүгінге дейін атқарып келген үкімет басшысының орынбасары қызметімен қоса атқаратын болады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Желтоқсан 2004
  • 515
Фото - Caravan.kz

С.Мыңбаев 1962-жылдың 19-қарашасында Талдықорған облысында туған. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты.

С.Мыңбаев 1992-жылдан бастап Қазкоммерцбанктің басқармалары төрағасының бірінші орынбасары болды. 1995-жылдың қараша айынан бастап ҚР қаржы министрінің орынбасары орынтағын иемденді. 1999-жылы ҚР президентінің әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болды, 2001-жылдың мамыр айына дейін ҚР ауылшаруашылығы министрлігін басқарды. 2001-жылдан бері С.Мыңбаев «Қазақстан даму банкі» ЖАҚ-ның президенті болды.
2003-жылдың маусым айында ҚР үкімет басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Перейти к новостям спорта