ҚР индустрия және сауда министрі Қазақстанда үлестік құрылысты тұрғын үй кооперативтері механизміне ауыстыруды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР индустрия және сауда министрі Қазақстанда үлестік құрылысты тұрғын үй кооперативтері механизміне ауыстыруды ұсынады

ҚР индустрия және сауда министрі Қазақстанда үлестік құрылысты тұрғын үй кооперативтері механизміне ауыстыруды ұсынады

Астана. 13 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ҚР индустрия және сауда министрі Владимир Школьник Қазақстанда үлестік құрылысты тұрғын үй кооперативтері механизміне ауыстыруды ұсынады. Мұндай ұсынысты ол бүгін өзі басқаратын мекемеде өткен алқа мәжілісінде жария етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 13 Қараша 2008
  • 450
Фото - Caravan.kz

«2009 жылы, ары кетсе 2010 жылы үлескерлердің құқығы жоғары деңгейде қорғалады. Үлескерлерге қатысты осындай оқиға қайта қайталанбауы үшін, менің жеке пікіріме сәйкес, елімізде үлестік құрылыстың қажеті жоқ», — деді В. Школьник.

«Тұрғын үйлерді кооперативтер құру механизмімен салатын тамаша тәжірибеміз болды, тиісті заң да бар, соған сай салайық. Ондай жағдайда өзімізді өзіміз алдамасақ, бізді ешкім алдамайды», -деді ол.

Тұрғын үй кооперативтерінің механизмі болашақ тұрғындардың тұрғын үй кооперативін басқару органдарын сайлау, құрылысқа қаржы жинау және оған мердігер жалға алуға негізделетінін министр еске салды. «Бұл баяғы сол тетік болғанымен, қаржыны жұмсау тұрғысынан әлдеқайда қауіпсіз», — деді В. Школьник.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар