«2009 жылы, ары кетсе 2010 жылы үлескерлердің құқығы жоғары деңгейде қорғалады. Үлескерлерге қатысты осындай оқиға қайта қайталанбауы үшін, менің жеке пікіріме сәйкес, елімізде үлестік құрылыстың қажеті жоқ», — деді В. Школьник.
«Тұрғын үйлерді кооперативтер құру механизмімен салатын тамаша тәжірибеміз болды, тиісті заң да бар, соған сай салайық. Ондай жағдайда өзімізді өзіміз алдамасақ, бізді ешкім алдамайды», -деді ол.
Тұрғын үй кооперативтерінің механизмі болашақ тұрғындардың тұрғын үй кооперативін басқару органдарын сайлау, құрылысқа қаржы жинау және оған мердігер жалға алуға негізделетінін министр еске салды. «Бұл баяғы сол тетік болғанымен, қаржыны жұмсау тұрғысынан әлдеқайда қауіпсіз», — деді В. Школьник.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті