ҚР Индустрия және сауда министрі шағын және орта кәсіпкерлікті тексеруге жарияланған мораторийді созуды қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Индустрия және сауда министрі шағын және орта кәсіпкерлікті тексеруге жарияланған мораторийді созуды қолдайды

ҚР Индустрия және сауда министрі шағын және орта кәсіпкерлікті тексеруге жарияланған мораторийді созуды қолдайды

Астана. 13 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник шағын және орта кәсіпкерлікті тексеруге жарияланған мораторийді созуды қолдайды. Ол бұл туралы бүгін ҚР Индустрия және сауда министрлігінде өткен алқа мәжілісінде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 13 Қараша 2008
  • 433
Фото - Caravan.kz

«Шағын және орта бизнеске келтірілетін кедергілерді азайту жұмыстарын одан әрі жалғастырудың маңызы дәл бүгін айрықша үлкен, бұл жерде біз кедергілерді азайту, тексерулерді қысқарту жөніндегі заң жобасын тездетіп қабылдауға тиіспіз», -деді В. Школьник.

«Біз шағын бизнес қалыпты жұмыс істеуі үшін шағын және орта кәсіпкерлікті тексеруге жарияланған мораторийді созуды мемлекет басшысынан сұрауымыз қажет», — деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар