ҚР Индустрия және сауда министрі шағын және орта кәсіпкерлікті тексеруге жарияланған мораторийді созуды қолдайды (толық нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Индустрия және сауда министрі шағын және орта кәсіпкерлікті тексеруге жарияланған мораторийді созуды қолдайды (толық нұсқасы)

ҚР Индустрия және сауда министрі шағын және орта кәсіпкерлікті тексеруге жарияланған мораторийді созуды қолдайды (толық нұсқасы)

Астана. 13 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник шағын және орта кәсіпкерлікті тексеруге жарияланған мораторийді созуды қолдайды. Ол бұл туралы бүгін ҚР Индустрия және сауда министрлігінде өткен алқа мәжілісінде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 13 Қараша 2008
  • 568
Фото - Caravan.kz

«Шағын және орта бизнеске келтірілетін кедергілерді азайту жұмыстарын одан әрі жалғастырудың маңызы дәл бүгін айрықша үлкен, бұл жерде біз кедергілерді азайту, тексерулерді қысқарту жөніндегі заң жобасын тездетіп қабылдауға тиіспіз», -деді В. Школьник.

«Біз шағын бизнес қалыпты жұмыс істеуі үшін шағын және орта кәсіпкерлікті тексеруге жарияланған мораторийді созуды мемлекет басшысынан сұрауымыз қажет», — деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мемлекет басшысы шағын және орташа бизнесті тексеруге мораторий жариялады. Бұл туралы ол 2008 жылдың 14 ақпанында өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

«Тексерулерді жеңілдету үшін, шағын және орташа бизнеске жүргізілетін барлық тексерулерге мораторий жариялаймын. Бұл бірақ қауіпсіздік, адамдардың денсаулығы, яғни дәрі-дәрмек, азық-түлік және осыған ұқсас салаларға таралмайды», — деді президент.

Мемлекет басшысы үкіметке «мораторийдің қанша уақыттан бастап, қашанға дейін жариялау» мәселесін зейін қойып қарастыруды тапсырды .

«Мен айтқанымдай, бақылау құрылымдары бизнестің дамуын тежеп отыр. Қысқа мерзімде жағдайды қарастырып, тиісті шараларды қабылдау қажет», — деді президент. «Тексеру жасау қажет, бірақ тәртіп болу керек қой «, — деп атап өтті ол.

Мемлекет басшысының үкіметтің кеңейтілген отырысы кезінде берген тапсырмасына орай, үкімет басшысы Кәрім Мәсімов 21 ақпанда шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жариялау жөнінде қаулыға қол қойды. Бұл туралы ол ҚР салық органдары қызметкерлерінің форумы жұмысы барысында құлағдар етті.

» Сөйтіп, мораторий бүгіннен бастап күшіне еніп, осы жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады», — деп толықтырды премьер-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар