Жарияланды: 540

ҚР Индустрия және сауда министрлігі 15 қазанда "Дайын отандық өнімнің ең үздік эспорттаушысы" атты конкурсқа қатысушылардың өтінімдерін қабылдау аяқталатындығы туралы хабарлайды

Астана. 6 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі 2008 жылғы 15 қазанда "Дайын отандық өнімнің ең үздік эспорттаушысы" атты конкурсқа қатысушылардың өтінімдерін қабылдау аяқталатындығы туралы хабарлайды, деп Қазақстан Бүгін тілшісі мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап құлағдар етеді.

Іс-шара бәрінен бұрын экономиканың шикізаттық емес секторлары өнімдерін экспортқа шығарушы - үздік кәсіпорындарды анықтау мен марапаттауға, сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді шығарылатын өнімді үнемі жетілдіруге ынталандыруға бағытталған. Негізгі идеология дайын өнім шығарушы мен экспортын жүзеге асыртын шағым және орта кәсіпорындарды дамыту болып табылады. Басты міндет - жоғары қосылған құнмен дайын өнім өндіретін отандық компаниялар дамуына өте үлкен күш беру. Конкурсты тиісті үлгіде ұйымдастыру және жүргізу үшін конкурсты ұйымдастыру, өткізу және Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары, қауымдастықтары (одақтар) және кәсіпорындары арасынан жеңімпаздарды анықтау бойынша Жұмысшы топ құрылды. Бүгінгі күні жеңімпаздарды іріктеу критерийлері, конкурс тұжырымдамасы мен қатысушылар үшін сауалнамаларды талқылаумен жұмысшы топтың екі отырысы өткізілді. Байқау "Жыл экспорттаушысы", "Ұлттық нышан - 2008 ", "Ең үздік экспорттық стратегия", "Шағын және орта кәсіпкерлік саласында ең үздік экспорттаушы", "Экспортты алға жылжытуға көмегі үшін" арнайы сыйақы аталымдары бойынша өткізіледі. Қатысушыларды іріктеу критерийлері: өндірістің жалпы көлемінде экспорт үлесінің көрсеткіштері; экспорт географиясы; тіркелген сауда белгісінің болуы; экспорттық стратегия; халықаралық менеджмент жүйесі; сыйлықтары, қоғамдық бірлестіктерге мүшелік; шетелде өкілдік желінің болуы; сыртқы кеңесшілердің және т.б. болуы. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін