Жарияланды: 410

ҚР Индустрия және сауда министрлігі алюминийдің экспорттық кедендік баж салығын алып тастауды сұрайды

Астана. 28 қазан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Индустрия және сауда министрлігі алюминийдің экспорттық кедендік баж салығын алып тастауды сұрайды. Бұл туралы мекеме басшысы Владимир Школьник бүгін өткен үкіметтің отырысында айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Министрлік алюминий зауыттарының басым бөлігінде баға деңгейі шығыннан төмен болып отырған қазіргі жағдайда алюминийдің экспорттық кедендік баж салығын алып тастауды сұрайды", - деді В. Школьник. Оның айтуынша, осы жөніндегі қаулының жобасы мемлекеттік органдарда келісілу үстінде. "Оған шама келгенше тез арада қол қою қажет. Осы құжатты қарап жатқан мекемеден қол қоюды сұраймыз", -деді министр. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін