ҚР Индустрия және сауда министрлігі алюминийдің экспорттық кедендік баж салығын алып тастауды сұрайды (кеңейтілген нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Индустрия және сауда министрлігі алюминийдің экспорттық кедендік баж салығын алып тастауды сұрайды (кеңейтілген нұсқасы)

ҚР Индустрия және сауда министрлігі алюминийдің экспорттық кедендік баж салығын алып тастауды сұрайды (кеңейтілген нұсқасы)

Астана. 28 қазан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Индустрия және сауда министрлігі алюминийдің экспорттық кедендік баж салығын алып тастауды сұрайды. Бұл туралы мекеме басшысы Владимир Школьник бүгін өткен үкіметтің отырысында айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 28 Қазан 2008
  • 457
Фото - Caravan.kz

«Министрлік алюминий зауыттарының басым бөлігінде баға деңгейі шығыннан төмен болып отырған қазіргі жағдайда алюминийдің экспорттық кедендік баж салығын алып тастауды сұрайды», — деді В. Школьник.

Оның айтуынша, осы жөніндегі қаулының жобасы мемлекеттік органдарда келісілу үстінде. «Оған шама келгенше тез арада қол қою қажет. Осы құжатты қарап жатқан мекемеден қол қоюды сұраймыз», -деді министр.

Сонымен бірге ҚР Индустрия және сауда министрлігі «компаниялардың өз қаржысы жетіспеген жағдайда «Самұрық -Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры тарапынан қаржылай қолдау көрсету қажет» деген пікірде.

Министрлік «ірі өнім өндірушілер тарапынан айтылған жер қойнауын пайдалану шартына, олардың мерзімін ұзартуға, шарт аумағын ұлғайтуға, инвестициялық жобалардың инфрақұрылымын мемлекет тарапынан қамтамасыз етуге қатысты мәселелерді шешуді өтінеді. Бұған қоса министрлік өнім экспорттаушыларға ҚҚС-ын толық қайтаруды, мемлекет тарыпан оларды дер кезінде қайтармау оқиғаларын болдырмауды сұрайды.

«Дағдарыс кезеңінде өнім экспорттаушылар үшін транферттік баға белгілеудің маңызы зор, сол себепті осы заңға қайта оралып, тұрақсыздық дәуірінде мейлңнше салмақты әрі әділетті көзқарас ұстануды сұраймыз»,- деді В.Школьник.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар