ҚР Индустрия және сауда министрлігі азық-түлік өнімдері бағасын төмендетуге ынталандыратын бірқатар шараларды қолданбақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Индустрия және сауда министрлігі азық-түлік өнімдері бағасын төмендетуге ынталандыратын бірқатар шараларды қолданбақшы

ҚР Индустрия және сауда министрлігі азық-түлік өнімдері бағасын төмендетуге ынталандыратын бірқатар шараларды қолданбақшы

Астана. 24 қараша. "Қазақстан бүгін" - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Қазақстандағы азық-түлік өнімдерінің бағасының төмендеуі әлемдік деңгейдегі бағаның төмендеуі ағымына парапар болмай отыр деп санайды және азық-түлік өнімдері бағасын төмендетуге ынталандыратын бірқатар шараларды қолданбақшы. Бұл туралы еліміздің индустрия және сауда министрі Владимир Школьник бүгін үкіметте өткен селекторлық жиын барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 24 Қараша 2008
  • 470
Фото - Caravan.kz

«Әлемдік азық-түлік нарығындағы баға коньюктурасы кейінгі айда төмендеу ағымы байқалғанын дәлелдеп отыр. Ағымдағы жылдың 18 қарашасындағы жағдаймен Қазақстанда да қазан айындағымен салыстырғанда бағаның төмендеуі байқалуда. Мысалы, сиыр етіне 3,2%, сәбізге 4,2%, нанға 5%, өсімдік майына 2,5%, сары майға 5,6%, жоғары сұрыпты ұнға 2,1% төмендеді. Ал осы айда қызанақтың бағасы, күріштің бағасы 1%, жұмыртқа 4%, пияз 5,2% өсті», — деді В. Школьник.

«Қазақстандағы азық-түлік өнімдерінің бағасының төмендеуі әлемдік деңгейдегі бағаның төмендеуі ағымына парапар болмай отыр «, — деді ол. Атап айтсақ, әлемдік нарықта ағымдағы жылдың қараша айында қазанмен салыстырғанда күнбағыс майының бағасы 8,6%, күнбағыс тұқымына а 10,9% және бидайға 5,7% төмендеген.

«Бұл бізде бағаны төмендетуге резерв бар екенін және оны біздің пайдалануымыз қажет екенін білдіреді», — деді министр.

«Инфляцияны 10% шегінде ұстап тұру үшін біз қараша-желтоқсан айларында айлық инфляцияның шектеулі деңгейі 0,5 — 0,6% жоғары болмауға тиіс екенін ескеруіміз қажет», -деді В. Школьник.

Осыған байланысты ҚР Индустрия және сауда министрлігі ҚР ТЖМ-мен бірлесіп нарықтағы бағаны реттеу үшін мемлекеттік резервтен күрішті броньға алу жұмыстарын жүргізуде. «Министрліктерден осы қаулының жобасын келісу жұмыстарын жеделдетуді сұраймын», — деді В.Школьник.

Оның нақтылауынша, мемлекеттік резервтен броньға алынған күріштің бағасы нарықтағы бағадан екі есе арзан болмақ. «Бұл жердегі басты мақсат — осы күріштің тиімді сатылуын қамтамасыз ету. Одан ешкім қалтасын қалыңдатпайтын болуы керек. Сол себепті әкімдіктерге бөлшек сауда желілерімен қазірден бастап тиісті жұмыстар жүргізуге нұсқау береміз», — деді В. Школьник.

Сонымен бірге, оның хабарлауынша, ҚР Индустрия және сауда министрлігі осы аптада жеке тұлғалар жеміс-көкөніс өнімдерін жеңілдетілген тәртіппен мемлекеттік шекарадан алып өткен жағдайда осындай өнімдерді алып өту нормасын 10 тоннадан 25 тоннаға дейін ұлғайту қарастырылған қаулының жобасын үкіметке енгізеді. «Біз бұл шара көкөністің бағасын арзандатуға мүмкіндік береді деп үміттенеміз», — деді В. Школьник.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар