ҚР индустрия және сауда министрлігі Қазақстанның даму стратегиясын жүзеге асыру туралы түсініктемелік жұмыстарды ұйымдастыра алмаған аймақтық билік иелерін сынады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР индустрия және сауда министрлігі Қазақстанның даму стратегиясын жүзеге асыру туралы түсініктемелік жұмыстарды ұйымдастыра алмаған аймақтық билік иелерін сынады

ҚР индустрия және сауда министрлігі Қазақстанның даму стратегиясын жүзеге асыру туралы түсініктемелік жұмыстарды ұйымдастыра алмаған аймақтық билік иелерін сынады

Республика аймақтарында Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру тұрғысында ақпараттық-түсініктеме жұмыстары мүлдем дерлік ұйымдастырылмай отыр. Бұл туралы бүгін, 20-шілдеде өткен үкімет отырысында ҚР индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбеков мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 20 Шiлде 2004
  • 519
Фото - Caravan.kz

«Өкінішке орай, стратегияның аймақтардағы тұсаукесері мен ақпараттық жұмыстар көбінесе көз алдау үшін жалаң сипатта өткізіледі. Аймақтарда бұл бағытта ретті әрі жүйелі түсініктеме жұмыстары жүргізілмей отыр»,- деді Ә.Жақсыбеков. «Министрлік қызметкерлерінің аймақтарды аралау қорытындысы көрсетіп бергеніндей, көптеген аймақтарда тіпті стратегияның өзі туралы, құрылған даму институттары туралы, мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан үкіметтің басқа да нақты қадамдарынан халық мүлдем бейхабар болып шықты»,- деді ол.

Министрдің айтуынша, 2005-жылы аяқталатын стратегияны жүзеге асыруға дайындық жұмыстарының маңызы сол, «осы кезеңде бәсекеге қабілетті экономика құру жөніндегі басты мақсатқа сәйкес барлық салалық және аймақтық бағдарламалар қайта қаралып бітуі тиіс». «Мемлекет тарапынан ұсынылып отырған бизнесті қолдау тетіктері туралы ақпарды кәсіпкерлердің назарына жеткізу одан да маңызды»,- деді Ә.Жақсыбеков.
Сондай-ақ, министрдің айтуынша, «әкімшіліктер аймақ экономикасына конъюнктуралық зерттеулер жүргізбеген, аймақтың бәсекелік артықшылықтарын анықтай алмаған». Соның салдарынан өткен жылы әкімшіліктер «өз аймақтары үшін бірде-бір жүйелі ірі жоба ұсына алған жоқ». Ә.Жақсыбековтың айтуынша, «аймақ кәсіпкерлері арасында басымдықтар туралы мағлұматтың болмауы, аймақ экономикасының даму бағдары туралы нақты көзқарастың қалыптаспауы» оған басты себеп.

Перейти к новостям спорта