ҚР Индустрия және сауда министрлігі жеке кәсіпкерлік саласындағы тексерулерді ретке келтіру мәселелері бойынша заңнамалық түзетулердің жобасын жасады
Астана. 10 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Индустрия және сауда министрлігі жеке кәсіпкерлік саласындағы тексерулерді ретке келтіру мәселелері бойынша заңнамалық түзетулердің жобасын жасады. Бұл туралы бүгін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік саласындағы тексерулерді оңтайландыру және ретке келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының тұжырымдамасын талқылауға бағытталған дөңгелек үстел барысында ҚР Индустрия және сауда министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Рустам Ақбердин мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.