ҚР Индустрия және сауда министрлігінде ағаш өңдеу өнеркәсібі кешенін дамыту жөніндегі комиссия құрылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Индустрия және сауда министрлігінде ағаш өңдеу өнеркәсібі кешенін дамыту жөніндегі комиссия құрылуда

ҚР Индустрия және сауда министрлігінде ағаш өңдеу өнеркәсібі кешенін дамыту жөніндегі комиссия құрылуда

Астана. 13 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Индустрия және сауда министрлігінде ағаш өңдеу өнеркәсібі кешенін дамыту жөніндегі комиссия құрылуда. Бұл туралы бүгін ҚР Индустрия және сауда министрлігінің кезекті алқа мәжілісінде мәлім болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 13 Қараша 2008
  • 614
Фото - Caravan.kz

«Ағаш өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін мүдедлі органдар, жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының қауымдастықтары мен басқа да ұйымдардан құрылған комиссия жасақталуда. Комиссияның жұмыс тобының бірінші отырысын ағымдағы жылдың қарашасында өткізу жоспарланған», -делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, ағаш өңдеу және ағаштан өнім өндіру көлемі 2008 жылдың қаңтар- қыркүйек айларында 6,1 млрд теңгені құрап, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 0,1% өсім көрсетті. «Ағаштан темір жол шпалдарын, құрастырылған құрылыс конструкцияларын, ағаш тара мен паркет өндіру көлемі ұлғайды. Бірақ, ағаш материалдар, есік және терезелер, ағаш талшықты плиталар өндіру көлемі азайған», — делінген хабарламада.

«Целлюлоза-қағаз өнеркәсібінде және баспа ісінде 2008 жылдың қаңтар- қыркүйек айларында 51,8 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылғы деңгейден 2,3% азайды», -делінген мекеме таратқан материалдарда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар