ҚР Индустрия және сауда министрлігінде ағаш өңдеу өнеркәсібі кешенін дамыту жөніндегі комиссия құрылуда (толық нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Индустрия және сауда министрлігінде ағаш өңдеу өнеркәсібі кешенін дамыту жөніндегі комиссия құрылуда (толық нұсқасы)

ҚР Индустрия және сауда министрлігінде ағаш өңдеу өнеркәсібі кешенін дамыту жөніндегі комиссия құрылуда (толық нұсқасы)

Астана. 13 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Индустрия және сауда министрлігінде ағаш өңдеу өнеркәсібі кешенін дамыту жөніндегі комиссия құрылуда. Бұл туралы бүгін ҚР Индустрия және сауда министрлігінің кезекті алқа мәжілісінде мәлім болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 13 Қараша 2008
  • 999
Фото - Caravan.kz

«Ағаш өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін мүдделі органдар, жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының қауымдастықтары мен басқа да ұйымдардан құрылған комиссия жасақталуда. Комиссияның жұмыс тобының бірінші отырысын ағымдағы жылдың қарашасында өткізу жоспарланған», -делінген хабарламада.

«Комиссияның басты мақсаты орман қорын сақтау және қалпына келтіру, жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібін дамыту, жиһаз жасауға қажетті бөлшектерді шығаруда отандық тауарлардың үлесін арттыру және ағаш өңдеу өнеркәсібі кешеніндегі мамандардың кәсіби біліктілігін көтеру жөнінде ұсыныстар дайындау болып табылады», — деді алқа мәжілісінің барысында индустрия және сауда вице-министрі Алмас Қосынов. «Отандық жиһаз жасаушы кәсіпорындардың өнімі бағасы мен сапасы жағынан бәсекеге түсе алатынын айта кету керек», — деді ол.

Министрліктің мәліметінше, ағаш өңдеу және ағаштан өнім өндіру көлемі 2008 жылдың қаңтар- қыркүйек айларында 6,1 млрд теңгені құрап, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 0,1% өсім көрсетті. «Ағаштан темір жол шпалдарын, құрастырылған құрылыс конструкцияларын, ағаш тара мен паркет өндіру көлемі ұлғайды. Бірақ, ағаш материалдар, есік және терезелер, ағаш талшықты плиталар өндіру көлемі азайған», — делінген хабарламада.

«Целлюлоза-қағаз өнеркәсібінде және баспа ісінде 2008 жылдың қаңтар- қыркүйек айларында 51,8 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылғы деңгейден 2,3% азайды», -делінген мекеме таратқан материалдарда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар