ҚР индустрия және сауда министрлігіне ұлттық инновациялық жүйе бағдарламасының тұжырымдамасын жүзеге асыру шараларын бір айда дәйектеуге тапсырма берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР индустрия және сауда министрлігіне ұлттық инновациялық жүйе бағдарламасының тұжырымдамасын жүзеге асыру шараларын бір айда дәйектеуге тапсырма берілді

ҚР индустрия және сауда министрлігіне ұлттық инновациялық жүйе бағдарламасының тұжырымдамасын жүзеге асыру шараларын бір айда дәйектеуге тапсырма берілді

Бүгін, 26-қазанда өткен үкімет отырысында кабинет жетекшісі Даниал Ахметов ҚР индустрия және сауда министрлігіне орта мерзімге (2005-2007-жылдарға) есептелген "Ұлттық инновациялық жүйені құрып дамыту туралы" мемлекеттік бағдарламасы жобасының тұжырымдамасын жүзеге асыру шараларын 20-қарашаға дейін дайындау туралы тапсырма берді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 26 Қазан 2004
  • 967
Фото - Caravan.kz

Жоба тұжырымдамасын таныстырған индустрия және сауда министрінің орынбасары Әсет Исекешевтің хабарлауынша, ұлттық инновациялық жүйенің басты мақсаты — ұлттық әлеуетті дамыту, инновациялық-кәсіпкерлік ортаны қалыптастырып қолдау болып табылады. Инновациялық жүйе құрудағы басты мақсат — санаткерлік әлеуетті тиімді пайдалану, жаңа білімдерді жинақтау және оны коммерциялық сипатқа көшіру негізінде ел экономикасының тұрақты бәсекелестік ахуалда дамуына жағдай жасауға саяды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасында ұлттық инновациялық жүйені құрып дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасы жобасының тұжырымдамасы Сингапур, АҚШ, Қытай және Германия сынды жоғары деңгейде дамыған елдердің инновациялық инфрақұрылым қалыптастыру тәжірибесінің негізінде даярланған. Тұжырымдама бойынша Қазақстанда көп деңгейлі ұлттық инновациялық жүйе, яғни, техносаябақтар, ғылыми саябақтар, технологиялық бизнес-инкубаторлар, аймақтық инновациялық қорлар құру қарастырылған.

Перейти к новостям спорта