ҚР Индустрия және сауда министрлігінің басты мақсаты - әлемдік дағдарыстың ел экономикасына әсерін мейлінше азайту - Школьник (толық нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Индустрия және сауда министрлігінің басты мақсаты - әлемдік дағдарыстың ел экономикасына әсерін мейлінше азайту - Школьник (толық нұсқасы)

ҚР Индустрия және сауда министрлігінің басты мақсаты - әлемдік дағдарыстың ел экономикасына әсерін мейлінше азайту - Школьник (толық нұсқасы)

Астана. 13 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің басты мақсаты - әлемдік дағдарыстың ел экономикасына әсерін мейлінше азайту. Бұл туралы бүгін ҚР Индустрия және сауда министрлігінде өткен алқа мәжілісінде мекеме басшысы Владимир Школьник мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 13 Қараша 2008
  • 599
Фото - Caravan.kz

«Кейінгі екі айда экономикадағы ахуал біршама өзгерді, сол себепті біздің бар күш-жігеріміз елде әлеуметтік -экономикалық тұрақтылықты сақтауға бағытталуға тиіс, яғни біз әлемдік дағдарыстың ел экономикасына әсерін мейлінше азайтуға тиіспіз. Біз қандай жағдайда да жұмыс орындарын жоғары деңгейде сақтап, шамамыздың келгенінше оны ұлғайта түсуге тиіспіз. Қазақстанда әлемдік дағдарыстың әсері тиеді деп күтілген ірі компаниялармен меморандумдарға қол қою кезеңі басталды. Олармен жұмыс орындарын сақтау, жаңа өндірістер ашу, жалақыны сақтау жөнінде келісімдер жасалуда. Бұл жұмысты жалғастыра беру керек «, — деді В. Школьник.

«Біз ахуалдың өзгеруіне байланысты бюрокартияны мейлінше азайтып, тауар өндірушілердің өз нарығы мен өнімдерін сыртқы демпингіге, сыртқы қандайбір әсерге байланысты қорғау туралы өтініштеріне мейлінше тез арада жауап қатуымыз керек. Өйткені, қазір бәсекелестік қыза түсті», — деді ол.

В. Школьниктің айтуынша, қазірдің өзінде министрлікке «келешекті дұрыс болжап отырған қауымдастықтардан көптеген арыз-шағымдар түсуде. Олар түрлі тауарлардың арзан бағаға Қазақстан нарығына интервенциялық жолмен енгізілуі мүмкін екендігін жеткізуде, сондай жағдайда біз олардың мүддесін қорғауға дайын болуға тиіспіз, өйткені жұмыс орындарын сақтап қалу соған тікелей байланысты. Мен сауда комитеті мен тарифтік-кедендік саясат жөніндегі департаментке тиісті шешімдерді шұғыл шығаруға және кез-келген уақытта жауап қатуға даяр болу жөнінде тапсырма бердім «, -деді В. Школьник.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар