Министрдің жұмыс жоспарына сәйкес, З.Тұрысбеков үш аймақтық полиция бөлімшелерінің жұмыс барысымен танысады. Бұдан кейін ол қоғамдық қауіпсіздік басқармасының Ақтөбедегі жаңа ғимаратының ашылуына қатысады. Сондай-ақ, министр облыстық ІІБ-ның мұражайын ашады. Оған милиция қызметкерлерінің бұрынғы киім үлгілері, ордендері, көзге түскен тәртіп сақшыларының суреттері тәрізді мұрағаттар қойылады. Бұл экспонаттарды облыстық ІІБ-ның басшылығы бірнеше жыл бойы жинаған.
Ішкі істер министрі осындағы ішкі істер мекемелерінде істеген ардагерлермен және учаскелік тәртіп сақшыларымен кездесіп, облыстық ІІБ-ның қызметкерлер құрамымен кеңес өткізеді. Кеңес барысында министр Ақтөбе облысындағы үздік учаскелік тәртіп сақшысын құрмет куәлігімен және ақшалай сыйлықтармен марапаттайды.
Жұмыс бабындағы сапардың соңында З.Тұрысбеков Хромтау және Қобда аудандарындағы полиция бөлімшелерін аралап, облыстың үстінен тікұшақпен ұшып өтеді.