Кездесу барысында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының хатшылығы өкілдерінің 2004-жылға қараша айындағы ҚР ІІМ-іне жасаған бағалау мақсатындағы сапарының қорытындысы талқыланды. Кездесуде квартал полициясын құру, қоғамдық құрылымдар мен БАҚ-тар арасындағы ықпалдастық, учаскелік инспекторлар қызметін нығайту, ішкі істер органдары қызметкерлерін дайындау және қайта оқыту, 2005-2006-жылдарға арналған бірлескен жобаларды жасау мәселелері қаралды.
Өзара ынтымақтастықты тереңдету, ықпалдастықты тәжірибе жүзінде іске асыруға уағдаластық жасалды.