ҚР ИСМ Сауда комитеті жабындық және қаптама материалдар импортын тәртіпке келтіруді бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ИСМ Сауда комитеті жабындық және қаптама материалдар импортын тәртіпке келтіруді бастайды

ҚР ИСМ Сауда комитеті жабындық және қаптама материалдар импортын тәртіпке келтіруді бастайды

Астана. 22 қазан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР ИСМ Сауда комитеті жабындық және қаптама материалдар импортын тәртіпке келтіруді бастайды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Индустрия және сауда министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 22 Қазан 2008
  • 824
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, отандық асфальттан және балама материалдардан, мысалы мұнай битумынан немесе тас — көмір күйежентегінен жасалған жабындық және қаптамалық орамалар өндірушілердің 2005 жылдан 2007 жылдар арасында негізгі қаржы — экономикалық көрсеткіштерді алдын ала талдау қорытындысы теріс динамикамен сипатталады. Осымен қатар осы өнімнің импорт көлемі 50 пайызға артқан.

Осыған байланысты Сауда комитеті «Ішкі рынокты тауарлар импорты кезінде қорғау шаралары туралы» 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес «Асфальттан немесе балама материалдардан жасалған орама жабындық және қаптамалық материалдар импортын ретке келтіруді бастау туралы» Қазақстан Республикасы үкіметінің 2008 жылғы 14 қазандағы № 943 қаулысымен ҚР СЭҚ ТА 6807101000 кодымен жіктелетін өнімнің көрсетілетін түрлерінің Қазақстан аумағына өсіп отырған импортына қатысты ретке келтіре бастады. Ретке келтіруді бастау күні — 2008 жылғы 18 қараша.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар