ҚР кәсіпкерлер қозғалысының қоғамдық кеңесі Елбасына сот жүйесін реформалау қажеттігі жөнінде мәлімдеме жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР кәсіпкерлер қозғалысының қоғамдық кеңесі Елбасына сот жүйесін реформалау қажеттігі жөнінде мәлімдеме жолдады

ҚР кәсіпкерлер қозғалысының қоғамдық кеңесі Елбасына сот жүйесін реформалау қажеттігі жөнінде мәлімдеме жолдады

ҚР кәсіпкерлер қозғалысының қоғамдық кеңесі Елбасына сот жүйесін реформалау қажеттігінің негіздемесі келтірілген мәлімдеме жолдады. Бұл туралы бүгін, 16-қазанда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында қоғамдық кеңес төрағасы Василий Резван хабарлады.

  • 16 Қазан 2003
  • 397
Фото - Caravan.kz

В.Резванның атап көрсетуінше, ҚР Бас прокуратурасының мәліметіне сәйкес сот жұмысының жалпы жақсарғанына қарамастан, 2002-жылы 14,5 мың сот шешімі алып тасталған немесе өзгертілген. Демек, орта есеппен еліміздің соттары күн сайын 60 заңсыз шешім қабылдайды. Заң бұзу оқиғалары азаматтық және әкімшілік істерді қарауда да жиі жіберіледі.

Заңға сәйкес, судьялар мемлекеттік функцияларды атқаруға өкілетті тұлғалар қатарына қосылған, деді В.Резван, алайда мұндай функциялар олардың іс-қызметіне қойылатын белгілі дәрежедегі бақылауды да қарастыруы тиіс. Алайда, дәл қазіргі таңда сот төрешілері қабылдаған шешімдері үшін ешбір жауапкершілік жүктемейді. Соттың тәуелсіздік принципіне нұқсан келтірмейтіндей жағдайда оның іс-қызметіне бақылау қоятын нақты тетікті қалыптастыру керек, дейді ол.
Бұл проблеманы шешудің бір жолы — судьяларды сайлау үрдісі мен присяжныйлар сотын құру болмақ. Сондай-ақ, В.Резван Жоғарғы соттың ішкі инструкциясына сот отырысында қаралған істер бойынша сот хаттамасы мен сот шешімдерінің көшірмесін беру міндетті екендігі туралы тәртіпті қайтадан енгізуді ұсынады.

Соңғы жаңалықтар