Хатта атап көрсетілгеніндей, «келіссөздерден бас тартылған және жұмысшылардың негізгі талаптары қанағаттандырылмаған жағдайда біз шахтерларға тілектестік мақсатында жалпыреспубликалық шараны басқару, сондай-ақ, халықаралық ұйымдар мен сот мекемелеріне шағымдану құқығын сақтап қаламыз».
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Миттал Стил Теміртау»АҚ көмір департаментінің кәсіподақ ұйымы компания әкімшілігімен келісе алмай қалған болатын. Шахтерлар жалақыны көтеру туралы талап қоюда. «Миттал Стил Теміртау»АҚ көмір департаментінің кәсіподақ ұйымы Теміртау қалалық әкімшілігіне 10-наурызда компанияның әкімшілік ғимаратының алдында наразылық шарасын өткізуге рұқсат сұрап өтініш жолдады. Алайда, қала әкімі Балдырған Мусин шараны өткізуге рұқсат берген жоқ. Ал Шахтинск қалалық әкімшілігіне 12-наурызда митинг өткізу туралы тағы бір кезекті өтініш жолданды.