ҚР Кедендік бақылау агенттігі республика кедендік бекеттерінде радиациялық бақылауды жүзеге асыратын кәсіби маман тапшылығын айрықша сезініп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 473.15
  • 515.12
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Кедендік бақылау агенттігі республика кедендік бекеттерінде радиациялық бақылауды жүзеге асыратын кәсіби маман тапшылығын айрықша сезініп отыр

ҚР Кедендік бақылау агенттігі республика кедендік бекеттерінде радиациялық бақылауды жүзеге асыратын кәсіби маман тапшылығын айрықша сезініп отыр

ҚР Кедендік бақылау агенттігі республика кедендік бекеттерінде радиациялық бақылауды жүзеге асыратын кәсіби маман тапшылығын айрықша сезініп отыр. Бұл туралы бүгін, 14-қаңтарда ҚР Кедендік бақылау агенттігінің Астанада өткен алқа мәжілісінде агенттік төрағасының орынбасары Аманияз Ержанов хабарлады.

  • 14 Қаңтар 2004
  • 795
Фото - Caravan.kz

«Арнайы кәсіби мамандық игерген қызметкерлер тапшылығы мекеме үшін айрықша өткір мәселеге айналып отыр»,- деді ол. Штаттағы қызметкерлер мен арнаулы техникалық құралдар тапшылығы радиациялық көрсеткіші шектен шыққан вагондарға сапалы тексеру жүргізуге кедергі келтіруде дейді А.Ержанов. Дегенмен, оның айтуынша, радиациялық заттар мөлшері шектен шыққан вагондарды жіберуші елдерге (көбінесе Қытайға) кері қайтару көріністерінің азаю ағымы байқалған. Мәселен, 2003-жылы осындай себеппен Қазақстан аумағына жіберілмеген вагондар саны 170-ке жетсе, 2002-жылы бұл сан 226 болған.

Оның айтуынша, осыған байланысты ҚР Кедендік бақылау агенттігі ҚР президенті әкімшілігінің, ҚР үкіметі мен республикалық бюджеттік комиссияның атына кәсіби мамандардың штат санын арттыруға және радиациялық бақылауға арналған техникалық құралдар сатып алуға байланысты алдын-ала есеп-қисап құжаттарын жолдады.