ҚР кедендік бақылау агенттігіне озон қабатын жоятын заттарды анықтауға арналған жабдық берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР кедендік бақылау агенттігіне озон қабатын жоятын заттарды анықтауға арналған жабдық берілді

ҚР кедендік бақылау агенттігіне озон қабатын жоятын заттарды анықтауға арналған жабдық берілді

Бүгін, 13-тамызда Астанада ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінде аталмыш мекемеден ҚР кедендік бақылау агенттігіне озон қабатын жоятын заттарды анықтауға арналған 100 жабдықтар жиынтығын табыс ету рәсімі өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Елордасынан.

  • 13 Тамыз 2003
  • 623
Фото - Caravan.kz

Жабдықтар жиынтығының құны 80 мың долларды құрайды.

ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Айткүл Самақованың айтуынша, бұл жабдықтар халықаралық ұйымдардың желісімен, атап айтсақ, Қазақстандағы озон қабатын жоюшы заттарды азайту жөніндегі БҰҰ бағдарламасы бойынша алынды.
Өз кезегінде ҚР кедендік бақылау агенттігінің төрағасы Бердібек Сапарбаев агенттік тарапынан елімізге әкелінетін барлық тауарлардың құрамында озон қабатын жоюшы заттардың бар-жоқтығы мұқият тексерілетінін жеткізді. Оның айтуынша, озон қабатын жоюшы заттар көбінесе тоңазытқыштар мен конденсаторларда көп болады. Бұлардың тоңазытқыш затының құрамында жердің озон қабатын жоюға әсер ететін компоненттер бар. Сонымен қатар мұндай заттар ауылшаруашылығында, өрт сөндіруде, зертханалық тексерулерде, көбікті материалдар өндіруде қолданылады.
ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәліметіне сәйкес, елімізде озон қабатын жоюшы заттар өндірілмейді. Ал импортталатын заттар көлемі тұтыну мөлшерімен толық сәйкеседі.
Қазақстан Вена конвенциясы мен Монреаль хаттамасына 1998-жылы қол қойған. Аталмыш халықаралық келісімдерге сәйкес еліміз озон қабатын жоюшы заттарды тұтыну мөлшерін азайту жөнінде міндеттеме жүктеп алған.

Соңғы жаңалықтар