ҚР ККМ шілденің соңына дейін барлық жолаушы тасмалдау кемелерін тексеріп шығады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ККМ шілденің соңына дейін барлық жолаушы тасмалдау кемелерін тексеріп шығады

ҚР ККМ шілденің соңына дейін барлық жолаушы тасмалдау кемелерін тексеріп шығады

ҚР көлік және коммуникация министрлігі (ККМ) шілденің соңына дейін барлық жолаушылар кемелерін тексеріп шығады.

  • 21 Шiлде 2011
  • 510
Фото - Caravan.kz

«Ресейде орын алған соңғы қайғылы оқиғалардан кейін, комитет (көліктерді бақылау – ҚазТАГ) ағымдағы жылдың 27-ші шілдесіне дейін барлық кемелерді (жолаушылар тасымалдайтын – ҚазТАГ) қауіпсіздік талаптарына сай келетіндігіне жоспардан тыс тексерістен өткізеді», — деп комитет төрағасы Әділет Берменқұлов бейсенбі күні ККМ-де өткен кеңесте мәлім етті.

Комитет төрағасының орынбасары Әсет Асаубаев журналистерге түсіндіргендей, кемелерді жоспардан тыс тексеруде оларда тиісті кеме құжаттарының барлығы, құтқару жабдықтарының барлығы және экипаж құрамы тексеріледі.

Сондай-ақ барлық кеме иелерінің қатысуымен Ақтауда Каспийдегі кеме жүзу қауіпсіздігіне арналған кеңес өткізу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар