ҚР көлік және коммуникация министрлігі халықаралық әуе желілерін Алматыдан Астанаға көшіруден бас тартпайды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР көлік және коммуникация министрлігі халықаралық әуе желілерін Алматыдан Астанаға көшіруден бас тартпайды

ҚР көлік және коммуникация министрлігі халықаралық әуе желілерін Алматыдан Астанаға көшіруден бас тартпайды

ҚР көлік және коммуникация министрлігі халықаралық әуе желілерін Алматыдан Астанаға көшіру идеясынан бас тартпайды. Бұл туралы бүгін, 23-наурызда ҚР көлік және коммуникация министрі Қажымұрат Нағманов журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Наурыз 2005
  • 481
Фото - Caravan.kz

«Біз қазір бұл бағытта түрлі жолдарды қарастырып жатырмыз»,- деді министр. Ол осы орайда өзінің халықаралық желілерді көшіру идеясын қос қолдап жақтайтынын, бұған «Елордасындағы күн райы ахуалы мен жағрафиялық орналасу жағдайы» әсер ететінін жасырмады. «Ал қаншаға түседі және қалай деген сауалдар төңірегінде қазір талқылаулар жүргізіліп жатыр»,- деді ол.

Қ.Нағмановтың айтуынша, «Еуропадағы авиациялық билік иелерімен келіссөздер жүргізілу үстінде». «Еуропа елдерінен Астана арқылы Атлант мұхиты аймағына ұшу айрықша тиімді»,- деді министр.
Алматыны қаржылық орталық ретінде дамыту жоспары және осыған байланысты халықаралық әуе желілерін көшірудің орындылығы туралы әңгіме қозғаған министр «қазір мәмілеге келу жолдары қарастырылып жатыр» деп мәлімдеді.

Перейти к новостям спорта