ҚР Көлік және коммуникация министрлігі таяу уақыттарда инфрақұрылым жасау саласындағы 17 жобаны концессияға беруді жоспарлауда - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Көлік және коммуникация министрлігі таяу уақыттарда инфрақұрылым жасау саласындағы 17 жобаны концессияға беруді жоспарлауда

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі таяу уақыттарда инфрақұрылым жасау саласындағы 17 жобаны концессияға беруді жоспарлауда

Астана. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі таяу уақыттарда инфрақұрылым жасау саласындағы 17 жобаны концессияға беруді жоспарлауда. Бұл туралы бүгін Халықаралық "ТрансЕуразия-2008" форумы аясында "Қазақстан Республикасының көлік саласындағы концессиялық жобалар" деген тақырыпқа арналған Халықаралық конференцияда ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Дулат Көтербеков мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 25 Қыркүйек 2008
  • 721
Фото - Caravan.kz

«Қазір транспорттық-коммуникациялық кешен саласында біздің министрлік мемлекет пен жеке меншік сектордың серіктестігі негізінде 5 жобаны жүзеге асыруда, ал таяу уақыттарда жалпы құны 20 млрд долларды құрайтын 17 жобаны концессияға беру жоспарлануда», -деді Д. Көтербеков.

Жалпы, көліктік-коммуникациялық кешенде 12 жобаны ұсынып отыр. Оның 10-ы — автомобиль жолдарына қатысты: Алматы — Қорғас, Ташкент — Шымкент — Жамбыл облысының шекарасы, Алматы — Қапшағай автожолдарын қайта салу, Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын салу, Астана — Қарағанды жолын қайта салу, Бейнеу — Ақтау, Астана — Щучинск автожолы интеллектуалды-көліктік жүйе енгізу, Орал — Каменка — РФ шекарасы автожолын қайта салу, Қарағанды — Балқаш — Қапшағай автожолын салу, Бейнеу — Шалқар жолын салу. Бір жоба азаматтық авиация саласына қатысты: Қостанай қаласы әуежайын қайта салу. Және бір жоба темір жол көлігі бойынша: Бейнеу — Жезқазған темір жолын салу. Осы жобалардың толық құны — 1 трлн. теңгеден астам.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар