ҚР көлік және коммуникация министрлігіне "Қазжелдортранс" кәсіпорнын демонополизациялау жөніндегі есеп-қисапты әзірлеуге тапсырма берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР көлік және коммуникация министрлігіне "Қазжелдортранс" кәсіпорнын демонополизациялау жөніндегі есеп-қисапты әзірлеуге тапсырма берілді

ҚР көлік және коммуникация министрлігіне "Қазжелдортранс" кәсіпорнын демонополизациялау жөніндегі есеп-қисапты әзірлеуге тапсырма берілді

ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов Астанада өткен үкімет отырысы барысында көлік және коммуникация министрлігіне "Қазжелдортранс" кәсіпорнын демонополизациялауға негіз болатын есеп-қисапты бір апта ішінде әзірлеуге тапсырма берді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкіметтің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Мамыр 2005
  • 452
Фото - Caravan.kz

Кеңесте сонымен бірге темір жол транспорты саласын қайта құрылымдау жөніндегі 2004-2006-жылдарға арналған бағдарламаны жүзеге асыру шараларының жоспарын орындау барысы туралы ҚР көлік және коммуникация министрлігінің ақпараты тыңдалды.

Үкімет басшысының айтуынша, жоспарды жүзеге асыру аясында темір жол саласын жетілдіруге, бұл саладағы нарықтық қатынастар аясын кеңейтуге, бәсекелі ортаны дамытуға, темір жол саласына инвестиция мен кәсіпкерлік бастамалар әкелуге бағытталған ауқымды істер тындырылды.
Атап айтсақ, басты жұмыс мақсатына жатпайтын функцияларды бәсекелі ортаға беру арқылы темір жол саласындағы бірқатар кәсіпорындар қайтадан құрылды. Нәтижесінде 60-тан астам түрлі кәсіпорындар пайда болды. Қала маңында жолаушы тасымалдауды жүзеге асыратын 84 темір жол бекеті жергілікті атқарушы мекемелердің қарамағына берілді. Қазір жолаушы тасымалы саласын дамыту жөніндегі бағдарлама жобасы жасалуда.
Тұтастай алғанда үкімет отырысы барысында жоспарды жүзеге асыру аясындағы шаралар тұжырымдамалық тұрғыда мақұлданды. Үкімет басшысы бағдарлама аясындағы жоспарларды жүзеге асыру қарқынына оң баға берді.

Перейти к новостям спорта