ҚР Көлікшілер одағы үкіметке Еуро-3 стандартының автокөліктерін сатып алуды субсидиялауды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Көлікшілер одағы үкіметке Еуро-3 стандартының автокөліктерін сатып алуды субсидиялауды ұсынады

ҚР Көлікшілер одағы үкіметке Еуро-3 стандартының автокөліктерін сатып алуды субсидиялауды ұсынады

ҚР көлікшілерінің одағы үкіметке Еуро-3 экологиялық стандартының көліктерін сатып алуды мемлекеттік субсидиялау туралы ұсыныспен шықпақ, деп хабарлады қоғамдық бірлестіктің төрағасы Серің Әлиғожинов.

  • 14 Маусым 2011
  • 499
Фото - Caravan.kz

«Біз (үкіметке — ҚазТАГ) тасымалдаушыларымыздың автопаркін жаңартуға көмектесу үшін ұсыныспен шығамыз. Ең алдымен, бұл – жеңілдікті несиелер беру, автокөліктерді сатып алудың лизингтік әдістері. Қазір Еуро-3, Еуро-4 стандарттарына жауап беретін автокөлікті сатып алу әркімнің жағдайы келе бермейді. Осыған байланысты мемлекеттің қолдауы керек», — деді ол сейсенбі күні баспасөз мәслихатында.

«Біз бұл мәселелерді көлік және коммуникация министрлігінің қатысуымен, біздің автотасымалдаушыларымыздың көмегімен шешетін боламыз», — деді С. Әлиғожинов.

Еске сала кетейік, автокөліктер үшін Евро-3 экологиялық стандарты 2011 жылдың 1 шілдесінен, Еуро-4 2014 жылы енгізіледі. Автокөлік отыны үшін Еуро-3 2014 жылы, Еуро-4 2016 жылы енгізіледі.

ҚР көлікшілерінің одағы автокөлік және жүк тасымалдаушылардың мүдделерін құқықтық қорғау мақсатында қызмет етеді. Қоғамдық бірлестік ҚР автокөлік тасымалдаушылары мен экспедиторлары қауымдастығының базасында құрамына бірқатар аймақтық қауымдастықтар мен ірі автокөлік тасымалдаушылардың кіруіне байланысты құрылды.

Соңғы жаңалықтар