ҚР Конституциялық кеңесі "БАҚ туралы" заңның ҚР Ата заңына сәйкестігін сараптауды келесі аптаға қалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Конституциялық кеңесі  "БАҚ туралы" заңның ҚР Ата заңына сәйкестігін сараптауды келесі аптаға қалдырды

ҚР Конституциялық кеңесі "БАҚ туралы" заңның ҚР Ата заңына сәйкестігін сараптауды келесі аптаға қалдырды

ҚР Конституциялық кеңесі "БАҚ туралы" заңның ҚР Ата заңына сәйкестігін сараптауды келесі аптаға қалдырды. Бұл туралы бүгін, 16-сәуірде өткен ҚР Конституциялық кеңесінің отырысында аталмыш кеңес төрағасы Юрий Хитрин хабарлады.

  • 16 Сәуiр 2004
  • 403
Фото - Caravan.kz

Ю.Хитриннің айтуынша, «әлі де терең зерттеу қажеттігіне байланысты заңды сараптау жұмысы алдағы аптаға қалдырылды. Талқылау мерзімі мен күні қосымша хабарланады».

ҚР Конституциялық кеңесінің бүгінгі отырысында мәжіліс пен сенаттан құрылған жұмыс топтарының жетекшілері Әбдіжәлел Бәкір мен Нұлығайым Жолдасбаеваның, сондай-ақ, үкімет өкілі — ҚР ақпарат министрінің орынбасары Ардақ Досжанның баяндамалары тыңдалды.
Баяндама жасаған парламент депутаттары Конституциялық кеңес мүшелерінің назарын заң жобасының парламентте қаралу процедурасы мен оның мазмұны Ата заңға сәйкес екеніне аударды.
Кеңестің келесі отырысында ҚР Бас прокурорының орынбасары Асхат Дауылбаевтың баяндамасы тыңдалады.

Соңғы жаңалықтар