ҚР Конституциялық кеңесінің құрамы өзгерді - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Конституциялық кеңесінің құрамы өзгерді

ҚР Конституциялық кеңесінің құрамы өзгерді

ҚР Конституциялық кеңесінің құрамы өзгерді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мемлекет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Сәуiр 2005
  • 964
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысының жарлығымен Николай Белоруков ҚР Конституциялық кеңесінің мүшесі болып тағайындалды. Сондай-ақ, ҚР парламенті сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаевтың 2005-жылғы 31-наурыздағы өкімімен Ұбайдолла Стамқұлов ҚР Конституциялық кеңесінің мүшесі болып тағайындалды. ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджановтың 2005-жылғы 1-сәуірдегі өкімімен Аманжол Нұрмағамбетов ҚР Конституциялық кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

«ҚР Конституциялық кеңесі туралы» ҚР Конституциялық заңының 15-бабы, 1-тармағының 2-тармақшасына және 2-тармағының 9-тармақшасына сәйкес ҚР Конституциясында белгіленген лауазымда болу мерзімінің аяқталуына байланысты Анатолий Котов, Амангелді Есенжанов, Құрманбек Омархановтар ҚР Конституциялық кеңесінің мүшесі қызметінен босатылды.
Республика Ата заңына сәйкес, ҚР Конституциялық кеңесі 7 мүшеден құралады. Олардың өкілеттілік мерзімі 6 жылға созылады. ҚР Конституциялық кеңесінің екі мүшесін президент, екі мүшесін -сенат төрағасы, екі мүшесі мәжіліс төрағасы тағайындайды. ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасын мемлекет басшысы бекітеді. Конституциялық кеңес мүшелерінің тең жартысы әрбір үш жыл сайын жаңартылып отыруы тиіс.

Перейти к новостям спорта