«ҚР конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» Жолдау - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ҚР конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» Жолдау

«ҚР конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» Жолдау

Бүгін Парламентте қос палатаның бірлескен отырысы өтті. Онда Конституциялық Кеңестің төрағасы Игорь Рогов Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңестің «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» Жолдауын жариялады.

  • 20 Маусым 2011
  • 861
Фото - Caravan.kz

Бұл жылы Конституциялық Кеңестің Жолдауы ерекше тарихи оқиғаға — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Тәуелсіздігінің жиырма жылдығына арналды.

И.Рогов өз сөзінде атап өткендей, 1991 жылғы 16 желтоқсаннан бергі өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасында мемлекет және қоғам өмірінің барлық салаларында дерлік реформалар жүргізілді. Мемлекеттілікті, қолданыстағы құқықты, тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің дамуын қамтамасыз ететін тиімді әрі ашық билік механизмін нығайтуға, халықтың тұрмыс деңгейін арттыруға ерекше назар аударылуда.

Өзі құрылған сәттен бері Конституциялық Кеңес мемлекеттің тәуелсіздігі мен егемен құқығы туралы; мемлекеттіліктің конституциялық негіздері туралы; аумағының тұтастығы туралы; шекарасына қол сұғылмайтындығы және аумағының иеліктен айрылмайтындығы туралы; мемлекеттің біртұтастығы және президенттік басқару нысаны туралы; халық пен мемлекеттік биліктің бірлігі туралы; азаматтық туралы және басқа да көптеген конституциялық нормаларға ресми түсіндірме берді.

Жолдауда Конституциялық Кеңестің Негізгі Заң үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметі заңнаманың сапасын бақылап-бағалаумен қабат жүріп отырады, Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулыларындағы құқықтық позициялардың, жыл сайынғы жолдауларындағы ұйғарымдар мен ұсыныстардың жүзеге асырылуы осының бір көрсеткіші болып табылады, деп атап көрсетілді.

Талдау нәтижелері көрсеткендей, мемлекеттік органдар тарапынан Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін орындау жөнінде бірқатар шаралар қолға алынып, Республиканың қолданыстығы құқықтық базасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, мынадай: мемлекеттік тілде заң жобаларын дайындаудың әрі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі заң жобалары мәтіндерінің тең түпнұсқалығы жай-күйін жақсарту жөніндегі (Республиканың Заң шығару институты жанынан Лингвистикалық орталық құрылды); меншік құқығын оның нысанына қатыссыз қорғау және қалпына келтіру үшін тең жағдай жасау мәселесі бойынша іс-шаралар қолға алынуда; мәжбүрлеп емдеу орындарындағы адамдарды, сондай-ақ әкімшілік қамауға алынған адамдарды ұстаудың негіздері мен тәртібі, олардың құқықтары бекітілді.

Басқаларымен қатар, Конституциялық Кеңестің заңдарда адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеулердің тізбесін ғана емес, оларды қолдану механизмдерін де бекіту қажеттігі; заң шығармашылығы процесіне қатысушылар қызметінің үйлесімділігі деңгейін арттыру, соның ішінде Парламенттің Конституцияда көзделген жағдайларда Үкіметтің оң қорытындысын алуы рәсімін, сондай-ақ үкіметтік заң жобаларына түзетулер енгізу кезінде депутаттардың осы заң жобаларының тұжырымдамасын сақтауы туралы талапты заңнамамен реттеу арқылы деңгейін арттыру туралы мемлекеттік органдарға ұсыныстары өзекті күйде қалуда.

Парламент ҚР Конституциялық Кеңестің «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» Жолдауы назарға алынсын деген ортақ шешім шығарды.

Соңғы жаңалықтар