ҚР кубогы үшін жарыста батысқазақстандық шорт-трекші Д.Қайыров үздік өнер көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР кубогы үшін жарыста батысқазақстандық шорт-трекші Д.Қайыров үздік өнер көрсетті

ҚР кубогы үшін жарыста батысқазақстандық шорт-трекші Д.Қайыров үздік өнер көрсетті

Астана қаласында ҚР кубогы үшін өткен жарыстан БҚО құрамасы олжалы оралды.

  • 6 Қаңтар 2014
  • 336
Фото - Caravan.kz

Шорт-трек бапкері Максим Лозовойдың хабарлағанындай, Астана, Алматы қалалары, Қарағанды, Қостанай облыстарының спортшыларымен қатар аталмыш турнирге Батыс Қазақстаннан 12 шорттрекші (8 ер, 4 қыз) қатысты. БҚО құрамасынан, әсіресе, Данабек Қайыров үздік өнер көрсетіп, 500, 1000 және 1500 метр қашықтықта бірінші орынды жеңіп алды. Сондай-ақ Нұртілек Қажығали 3 мың метр, Ғалия Жұмағазиева 500 метр қашықтықта екінші орынды иеленді. Эстафеталық сында құрамында Данабек Қайыров, Нұртілек Қажығали, Айдос Құлмұрзиев, Ерхат Құбашев бар ерлер және қыздар (Жанерке Қадимова, Ғалия Жұмағазиева, Нұржанар Жұмағалиева, Александра Суменкова) төрттігі күміс жүлдегер атанды.

Жалпы, Оралда шорт-трек спорты жақсы дамыған. Алдағы ақпан айында өтетін Сочи олимпиадасына батысқазақстандық алты бірдей шорттрекші қатысатыны белгілі. Олар қазір жылдың ең басты жарысына дайындалуда.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера