ҚР мәдени мұрасы туралы интернет-порталдың жаңа нұсқасы іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР мәдени мұрасы туралы интернет-порталдың жаңа нұсқасы іске қосылды

ҚР мәдени мұрасы туралы интернет-порталдың жаңа нұсқасы іске қосылды

Мәдени мұра күніне орай «Мәдени мұра» ақпараттық порталының жаңа нұсқасы іске қосылды, деп хабарлайды ҚР мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі.

  • 6 Желтоқсан 2011
  • 533
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Республикасының мәдениет министрлігі «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» атты 20 жұлдызды күннің шеңберіндегі мәдениет күніне орай «Мәдени мұра – культурное наследие» (www.madenimura.kz) ақпараттық порталының жаңа нұсқасын іске қосты»», — делінген сейсенбі күні таратылған ақпаратта.

Портал Қазақстандағы мәдени мұра туралы жалпы көлемі 70 Гигабайт мөлшеріндегі кең ауқымды ақпаратты таратады. Порталда 1 миллион файл, 2000 фотография мен сурет, 360 кітап, 50 бейнематериалорналасқан, делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, «Аудиоматериалдар», «Аудиокітап» бөлімдеріне әлем классикалық әдебиетінің қазақ тіліндегі нұсқалары орналастырылған. Ерекше орны бар археологиялық, тарихи және мәдениет ескерткіштері, археологиялық қазба жұмыстары туралы қызықты мәліметтер іздеуге қолайлы форматта — ескерткіштер орналасқан елді мекендердің георграфиялық картасы көрсетіліп жасалған.

«Порталда сондай-ақ мәдениет саласының қызметі, фестивальдар мен конкурстар, Астана мен Алматы қалаларындағы драма театрларының репертуары туралы ақпараттарға да орын берілген», — делінген ақпаратта

Перейти к новостям спорта