ҚР мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі 2006-жылы БАҚ-тарда қазақ тілін дамытуға бөлінетін қаржы көлемін біршама арттырмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі 2006-жылы БАҚ-тарда қазақ тілін дамытуға бөлінетін қаржы көлемін біршама арттырмақшы

ҚР мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі 2006-жылы БАҚ-тарда қазақ тілін дамытуға бөлінетін қаржы көлемін біршама арттырмақшы

ҚР мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі 2006-жылы БАҚ-тарда қазақ тілін дамытуға және оны қолдауға арнап бөлінетін қаржы көлемін біршама арттырмақшы. Бұл туралы бүгін, 1-шілдеде Қазақстан президентінің жанындағы азаматтық қоғам және демократияландыру мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияның жиынында ҚР мәдениет, ақпарат және спорт министрі Есетжан Қосубаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Шiлде 2005
  • 411
Фото - Caravan.kz

«11-шілдеде өтетін республикалық бюджеттік комиссияда біздің министрлік мемлекеттік және мемлекеттік емес телерналардың хабарлары аясында мемлекеттік тілді қолдауға арналатын қаражат көлемін ұлғайтуды талап ететін болады»,- деді Е.Қосубаев.

Оның айтуынша, әсіресе коммерциялық емес БАҚ-тар үшін қазақ тілінде бағдарламалар жасауға арналған мемлекеттік тапсырыс көлемі ұлғайтылады.
«Қаржы көлемі әжептәуір ұлғайтылады»,- деп атап көрсеткен министр осы орайда оның көлемін нақты ашып айтпады.

Перейти к новостям спорта