ҚР мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі мәдениетті дамыту жөніндегі 2006-2008-жылдарға арналған бағдарламаның жобасын жасауда - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі мәдениетті дамыту жөніндегі  2006-2008-жылдарға арналған бағдарламаның жобасын жасауда

ҚР мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі мәдениетті дамыту жөніндегі 2006-2008-жылдарға арналған бағдарламаның жобасын жасауда

ҚР мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі мәдениетті дамыту жөніндегі 2006-2008-жылдарға арналған орта мерзімді салалық бағдарламаның жобасын жасауда. Бұл туралы бүгін, 20-мамырда "Қазақстан Республикасында мәдениетті дамыту және сақтап қалуды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету" тақырыбындағы парламенттік тыңдауда ҚР мәдениет, ақпарат және спорт министрі Есетжан Қосубаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 20 Мамыр 2005
  • 747
Фото - Caravan.kz

«Бағдарламаның басты мақсаттары — отандық тұтынушының рухани сұранысын қанағаттандыруға бағышталған мәдени-имидж саясатының жобасын жасау, сыртқы мәдени кеңістікке толыққанды әрі объективті ақпараттарды тарату, ұлттық мәдениеттің құқықтық-нормативтік базасын жетілдіру, саланың барлық бұтақтарының жұмысына озық технологияларды енгізу мен модернизациялау болып табылады»,- деді министр.

Бағдарламада мәдениет саласы қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесін көтеруге баса назар аударылады. Осыған байланысты министр мәдениет саласы қызметкерлерін әлеуметтік қорғау тетіктерін жетілдіру қажеттігін атап өтіп, зейнет демалысына шығатын жасты азайту мүмкіндігіне тоқталды.
Е.Қосубаев мәдениет және өнер қайраткерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасына баса назар аударды. «Ол үшін Астана және Алматы қалалары мен облыс орталықтарында аталмыш сала қызметкерлеріне арналған тұрғын үй құрылысын салу туралы бастама көтеру немесе оларға муниципалдық тұрғын үй бөлу, кәсіби қажеттіліктеріне арнап орын-жай бөлу мүмкіндіктерін қарастыру керек»,- деп пайымдайды министр.
Министрліктің салалық бағдарламасында мәдениет қызметкерлерін оқыту және олардың мамандығын шыңдау мәселелері де ескерілген. «Бағдарламада мәдениет қызметкерлерін шетелдердегі жетекші оқу орындары мен шығармашылық ұжымдарда оқытып сынақтан өткізу, соның ішінде «Болашақ» бағдарламасы аясында оқыту мүмкіндіктері ескерілген»,- деді Е.Қосубаев. Оның айтуынша, «жас режиссерлар, диррижерлар, музыканттар, әртістермен бірге жарық қоюшы суретшілер, гримдеушілер, дыбыс режиссерлары мен дизайнерлер сынды қолданбалы мамандық иелері де шетелдерде мамандық шыңдайтын болады».
Сонымен бірге ҚР мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі өнердің түрлі салаларындағы айрықша шығармашылық жетістік иелеріне жыл сайынғы сыйлықтар мен шәкіртақылар тағайындау туралы ереженің жобасын жасамақшы.
Е.Қосубаев әдебиет пен өнер қайраткерлерінің Конгрессін құру идеясын ортаға салды. «Конгресс біртұтас әлеуметтік-мәдени саясат жобасын қалыптастыру арқылы шығармашы зиялы қауымның ролін арттырып, оларға жаңаша рухани құндылықтарды дүниеге әкелуге бағытталған өз мәдени миссиясын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді»,- деп пайымдайды министр. «Мұндай үкіметтік емес ұйым құруға шығармашы одақтардың басынын кешіріп отырған күрделі қиындықтары мен көркемдік-шығармашылық іс-қызметті пәрмендендіру қажеттігі түрткі болып отыр».