ҚР мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі кеңес құруды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі кеңес құруды ұсынады

ҚР мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі кеңес құруды ұсынады

ҚР мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі кеңес құруды ұсынады. Бұл туралы бүгін, 3-наурызда "Азаматтық форум: мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жетілдіру жолдары" атты республикалық конференцияда ҚР мәдениет, ақпарат және спорт министрінің орынбасары Ардақ Досжан мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 3 Наурыз 2005
  • 542
Фото - Caravan.kz

«Бұл бастама мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуда және азаматтық қоғамды дамытуда айрықша маңызды роль атқарады»,- дейді вице-министр.

А.Досжанның айтуынша, кеңестің бір міндеті — мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша байқаулар өткізу шарттарын талқылап, өзара консультациялар өткізу болып табылады. Ол осы орайда «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» заңның жуырда парламентте қабылданғанын еске сала кетті.
Сонымен бірге ҚР мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ұлттық ақпараттық ресурс орталығын ашуды ұсынып отыр.