ҚР Мәдениет министрі Латын Америкадағы "Сервантино" фестиваліне шақырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Мәдениет министрі Латын Америкадағы "Сервантино" фестиваліне шақырылды

ҚР Мәдениет министрі Латын Америкадағы "Сервантино" фестиваліне шақырылды

Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің Мексика Федеративті Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Жайме Гарсия Амарал мырзамен кездесуі өтті, деп хабарлады ҚР Мәдениет министрінің баспасөз қызметінен.

  • 27 Мамыр 2011
  • 507
Фото - Caravan.kz

Оның барысында мәдениет саласының екіжақты қарым-қанынасына қатысты бірқатар мәселе қарастырылды.

«Біз Мексикамен, сонымен қатар түгелдей Латын Америкасымен мәдени саладағы байланысқа ерекше назар аударатын боламыз. Менің білуімше, Мексикада ЮНЕСКОның Әлемдік мұралар тізіміне енгізілген 31 мәдени және табиғи нысан бар. Оның 11-і адам қолымен жасалған ғажайып үлгілер туындысы болса, екеуі-табиғаттың бірыңғай сұлу феномені мен эстетикалық маңызы зор нысандар болып саналады. Өз тарапымнан біздің халықтардың мәдениетін жақындастыра түсуге бағытталған шараларға толыққанды көмек көрсетуге әзір екенімді жеткіземін»,- деп атап өтті М.Құл-Мұхаммед.

Жоғары мейман өз кезегінде мәдени және рухани байланыстардың одан әрі нығая беретіндігіне сенім білдіре келіп, мәдениеттің дипломатиялық байланыстар орнатуда ерекше маңызы зор екенін тілге тиек етті. «Мексика әрқашанда екіжақты қарым-қатынас орнату кезінде мәдениетке ерекше көңіл бөледіі, сол себептен сізбен кездесуіме ерекше мән беремін», — деп атап өтті Мексиканың елшісі. Атап өтейік, Қазақстан мен Мексика арасында дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы 13 сәуірде орнатылды.

«Біз қарым-қатынас үшін толық әзірміз-мәдени байланысымызды дамытып, толықтырып, одан әрі нығайту үшін ашықпыз. Қазақ бауырларымызды Мексикаға қонаққа күтеміз»,- деп дипломат өз сөзін жалғастырды.

Ж.Г.Амарал мырза министрді алдағы қазан айында Мексикада өтетін Латын Американың ең беделді «Сервантино» халықаралық өнер фестиваліне қатысуға шақырды. Бұл фестиваль 1973 жылдан бері Мексиканың Гуанахуато қаласында жыл сайын қазан айында өткізіліп тұрады. Фестиваль XVI ғасырдың атақты испан жазушысы Мигель Сервантес де Сааведраның шығармашылығын дәріптеушілердің ұйымдастыруымен өткізіледі. Қала бойынша театрларда, концерт залдарында, ашық аспан астында, жай ғана қала көшелері мен алаңдарда көрермендер назарына түрлі жанрдағы қойылымдар ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар