ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Әзірбайжанның премьер-министрімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Әзірбайжанның премьер-министрімен кездесті

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Әзірбайжанның премьер-министрімен кездесті

Кеше Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай Әзірбайжанның премьер-министрі Артур Раси-задемен кездесті.

  • 20 Қараша 2012
  • 440
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында қазақстандық министр Әзірбайжанның премьер-министрін Қазақстан Мәдениет күндерінің бағдарламасы туралы егжейлі-тегжейлі айтып берді. Д. Мыңбай атап өткендей, Әзірбайжанға жасалған сапар аясында қазақстандық делегация әзірбайжан халқын Қазақстанның өнер қайраткерлерімен таныстырып қана қоймай, әзірбайжан әріптестерімен мәдени ықпалдастықтың өзекті мәселелерін де талқылап, бірлескен жобалар туралы пікір алмасуға ниетті.

Өз кезегінде Әзірбайжанның премьер-министрі Артур Раси-заде екі ел арасындағы байланыстар барлық бағыттар бойынша оңынан дамып дамып отырғандығын атап өтті. Ол экономика және саясат салаларымен қатар ғылым, білім, мәдениет, туризм, ақпарат салаларында да ықпалдастықты нығайту қажеттігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар