ҚР Мәдениет және ақпарат министрі елімізде бюджеттен мәдениет саласына жұмсалатын қаржы деңгейін Жалпы ішкі өнімнің 1%-іне жеткізу қажет деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі елімізде бюджеттен мәдениет саласына жұмсалатын қаржы деңгейін Жалпы ішкі өнімнің 1%-іне жеткізу қажет деп санайды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі елімізде бюджеттен мәдениет саласына жұмсалатын қаржы деңгейін Жалпы ішкі өнімнің 1%-іне жеткізу қажет деп санайды

АСТАНА. 17 шілде. Kazakhstan Today. ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев 2012-жылы елімізде бюджеттен мәдениет саласына жұмсалатын қаржы деңгейін Жалпы ішкі өнімнің 1%-іне жеткізу қажет деп санайды. Бұл туралы ол бүгін үкіметте өткен отырыста мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 17 Шiлде 2007
  • 700
Фото - Caravan.kz

«Мемлекеттің қуатты мәдени-ақпараттық саясатын жүзеге асыруда бізге қаржының тапшылығы айқын қолбайлау болып отыр. Біздің саланы жаңалау жоспарымыз ең өзекті қаржы мәселесін шешпейінше жүзеге аспайды. Шетелдік тәжірибеге және саланы модернизациялау жөніндегі айқын шараларды ескере отырып, нақты нәтижеге қол жеткізу үшін мәдениет, ақпарат және тілдер саласын қаржыландыру көлемін 2012-жылы Жалпы ішкі өнімнің 1 проценетіне жеткізу қажет деп санаймыз», — деді Е. Ертісбаев.

Министр 2007-жылғы республикалық бюджет шығындарының аясында мәдениет саласына жұмсалатын қаржының үлес салмағы Жалпы ішкі өнімнің 0,2%-ін, ақпараттық кеңістікке жұмсалатын қаржы — 0,1%, тіл саясатына жұмсалатын қаржы — 0,01% құрайтынын еске салды. «Әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің арасында тұрақты ойып алған орны бар елдерде 2006 жылы осындай көрсеткіштер анағұрлым жоғары болды: Ирландияда ЖІӨ-нің 2,99%, Португалияда — 1,23%, Финляндияда — 1,12%. Бұл көрсеткіш бойынша, экономикалық жағынан қара үзіп кеткен Қазақстан тіпті Достастықтың кейбір елдерінен де кенжелеп қалған», — деді Е. Ертісбаев.

Сонымен бірге мәдениет және ақпарат министрі «өңірлерде, әсіресе ауылдық жерлерде мәдениетті дамыту міндеттерін тиімді шешу үшін бұл мақсатқа, мәселен, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың тапқван кірісінің белгілі бір бөлігін, айталық, 3%-ін бағыттау мүмкіндігін қарастыру қажет», деп ұсыныс жасады.

Дегенмен, министрдің пікірінше, министрліктің «барлық бюджеттік талаптар мен критерийлерге сай келетін» 2008-жылға арналған бюджеттік сұранымын ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі тіпті «2007-жылмен салыстырғанда» қысқартып тастаған. «Бұған жол беруге болмайды, өйткені бізге мәдениет және ақпаратпен қоса, Қазақстан халқы ассамблеясы, бейресми ұйымдар, отаншылдық тәрбие, ел ішіндегі тұрақтылық секілді басқа да көптеген идеологиялық мәселелермен айналысуға тура келуде», — деді Е. Ертісбаев.

Өз кезегінде республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ҚР Мәдениет және ақпарат министріне 2009-жылдан бастап бюджеттің үш жылға жоспарланатынын ескерте кетті. «Демек, мәдениет саласына Жалпы ішкі өнімнің 1% көлемінде қаржы бөлу керек деп тікелей тәуелділік жасай алмаймыз, мүмкін біз тіпті Жалпы ішкі өнімнің 5% көлемінде қаржы бөлетін шығармыз, бірақ, қаржыландыру көлемі Жалпы ішкі өнімге шаққанда проценттік арақатынаста болмайды, сіздер алға қойған стратегиялық мақсаттарға сай қаржыландырылады», — деді үкімет басшысы.

«Алға қойған мақсаттардың бәріне де қаржы бөлінеді, бірақ біз қаржы жетпейтін мақсаттарды тізбелеуден бас тартуға тиіспіз. Басқаша айтқанда, барлық министрліктердің мақсаттарының саны азайтылуға және олар нақты әрі жүзеге асатын мақсаттар болуға тиіс», — деді К. Мәсімов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті