ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Минскіде беларусьтық әріптесімен кездеспек - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Минскіде беларусьтық әріптесімен кездеспек

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Минскіде беларусьтық әріптесімен кездеспек

Минскіге ресми сапары шеңберінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Беларусь мәдениет министрі Борис Светловпен кездеседі.

  • 8 Қазан 2013
  • 333
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында екі ел арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастықты ары қарай дамыту мәселелері жайында пікір алмасу жоспарлануда.

Сапар шеңберінде қазақстандық делегация мәдени-тарихи мұра нысандарын аралап, Беларусь астанасының ірі театрлары және мұражайларының басшыларымен кездеспек.


Министр, сондай-ақ, Беларусь Мемлекеттік академиялық музыкалық театрдың сахнасында өтетін Қазақстанның Беларусьтегі Мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысады.