ҚР Мәдениет және ақпарат министрі сапармен Бакуге келді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі сапармен Бакуге келді

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі сапармен Бакуге келді

Кеше күндіз ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай сапармен Бакуге келді.

  • 19 Қараша 2012
  • 375
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық министрдің сапары Әзірбайжандағы Қазақстанның Мәдениет күндерін өткізуге орайластырылды. Аталмыш іс-шараны бүгін Д. Мыңбай өзінің әзірбайжандық әріптесі — Мәдениет министрі А. Караевпен бірге салнататты түрде ашады.

Шаралар М. Ф. Ахундов атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының концерттік залында өтеді.

Концертке Қазақстан өнерінің шеберлері, атап айтқанда, Қазақстанның халық әртісі Әлібек Дінішев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Азамат Жалтыркөзов, Гүлзия Стамбек, Сүндет Байғожин, халықаралық байқаулардың жүлдегерлері Ескендір Абжанов, Нүркен Әшіров, Бибігүл Жанұзақ, Айзада Қапонова, сондай-ақ Академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі, Мемлекеттік «Гүлдер» би ансамблі, этно-фольклорлық «Тұран» тобы қатысады.

Жексенбі күні Д. Мыңбай Баку қаласының құрметті адамдары зираты аллесына барып, Әзірбайжанның ұлт көшбасшысы Гейдар Әлиевтің қабіріне гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ ол Шехидтер аллеясында болды.

Оған қоса қазақстандық министрдің сапары барысында ӘР-ның премьер-министрі А. Расизадпен және ӘР-ның Мәдениет министрі А. Қараевпен екіжақты кездесулер өткізу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар