ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі бұдан былай журналистік ұйымдарды тікелей қаржыландыра алатын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі бұдан былай журналистік ұйымдарды тікелей қаржыландыра алатын болады

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі бұдан былай журналистік ұйымдарды тікелей қаржыландыра алатын болады

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті бұдан былай журналистік ұйымдарды тікелей қаржыландыра алатын болады. Мұндай ұйымдардың бірі - «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі. Біз осы ұйымды қаржыландыруды 2013 жылдан бастаймыз деген үміттеміз.

  • 13 Қараша 2012
  • 393
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Бас редакторлар клубының 5 жылдық салтанатты жиналысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Кальянбеков мәлімдеді.

«Биыл ҚР заңнамаларында ҮЕҰ-ға қатысты мәселелер бойынша біраз өзгерістер болды. Осы өзгерістер бойынша салалық құрылымдар өз саласын дамыту үшін тікелей жұмыс жасайтын ҮЕҰ-ды қаржыландыратын болады», — деді Б. Кальянбеков.

«Өткен 5 жыл ішінде клуб өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Мұнда жұмыстың жаңа үлгісі қалыптасып, өзіндік дәстүрлер пайда болды», — деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, Б. Кальянбеков Клубқа жаңа жетістіктер мен биік белестер тілей келе, «Өмірдің өзі көрсеткендей, бізге осындай алаңдар керек. Қызметтің жаңа форматтарын табу керек. Өйткені ақпарат айдыны сәт сайын өзгеріп отыратын сала», — деп қосып өтті.

Соңғы жаңалықтар