ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Орталық Азиядағы ең ірі ақпараттық агенттік құрмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 480.61
  • 534.53
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі  Орталық Азиядағы ең ірі ақпараттық агенттік құрмақшы

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Орталық Азиядағы ең ірі ақпараттық агенттік құрмақшы

АСТАНА. 17 шілде. Kazakhstan Today. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Орталық Азиядағы ең ірі ақпараттық агенттік құрмақшы. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен отырыста ҚР мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 17 Шiлде 2007
  • 717
Фото - Caravan.kz

«Біздің министрлік жүзеге асырғалы отырған топжарғыш жобалардың бірі — мемлекеттік «Қазақстан» телерадиокорпорациясының негізінде ғаламдық, мультисегментті ақпараттық хабар тарату желісін құру болып табылады, деді Е. Ертісбаев. «Жобаның мәні «Рейтерс», Би-би-си, «Вести России» үлгісі бойынша Орталық Азиядағы ең ірі ақпараттық агенттік құруға саяды, оның жаңалықтар, мәдениет, білім және спорт секілді халықаралық деңгейде хабар тарататын қосымша тақырыптық арналары болады», -деді ол.

Министрдің пайымдауынша, «ТМД, Орталық Азия аймағы, Таяу және Орта шығыс өңірлерінен хабар тарату арқылы әлемдік нарыққа ақпараттық өнім шығару есебінен тұрақты әрі орнықты жұмыс істейтін болады». Желі хабарлары «тікелей хабар таратылатын және еліміз үшін стратегиялық маңызы бар әлем елдерінен, өңірлерден жер серіктерін жалға алу арқылы таратылады», деді ол.

«Нәтижесінде біз халықаралық деңгейде мемлекетіміздің ақпараттық-идеологиялық саясатын жүргізетін қуатты құралға ие бола аламыз», — деді Е. Ертісбаев. Оның айтуынша, алдын-ала есеп бойынша бұл жобаны жүзеге асыру үшін $500 млн қажет, жобаның ақталу мерзімі — 15 жыл.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті