6-қазан күнгі жағдаймен ҚР мәслихаты депутаттарын қайтадан сайлауға 35 адамның аты ұсынылды. Облыстық мәслихаттарға 11 адамның кандидатурасы ұсынылып отыр, атап айтсақ, Ақмола облысынан — 3 адам, Батыс Қазақстан облысынан — 2, Қарағанды облысынан — 1, Маңғыстау облысынан — 5 адам тіркеліп отыр. Аудандық мәслихаттарға — 9 адам, соның ішінде Ақмола облысынан — 3, Маңғыстау облысынан — 3, Павлодардан — 3 адамның аты ұсынылды. Қалалық мәслихаттарға депутаттықтан 15 адам үміткер: атап айтсақ, Ақмола облысынан — 6, Батыс Қазақстан облысынан — 3, Қарағанды облысынан — 4, Маңғыстау облысынан — 2 адам ат ұсынып отыр.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 20-қыркүйекте республикамыз бойынша 3322 округте 2677 мәслихат депутаты сайланды. 89 округте сайлау қайтадан
жүргізілсе, қалған округтерде 12-қазанда қайтадан дауыс беру шарасы өткізіледі.