ҚР мәслихаты депутаттарын қайтадан сайлау 16-қарашада 89 округте өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР мәслихаты депутаттарын қайтадан сайлау 16-қарашада 89 округте өтеді

ҚР мәслихаты депутаттарын қайтадан сайлау 16-қарашада 89 округте өтеді

ҚР мәслихаты депутаттарын қайтадан сайлау 16-қарашаға белгіленді. Сайлау 89 округте өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Орталық сайлау комиссиясынан хабарлады.

  • 6 Қазан 2003
  • 523
Фото - Caravan.kz

6-қазан күнгі жағдаймен ҚР мәслихаты депутаттарын қайтадан сайлауға 35 адамның аты ұсынылды. Облыстық мәслихаттарға 11 адамның кандидатурасы ұсынылып отыр, атап айтсақ, Ақмола облысынан — 3 адам, Батыс Қазақстан облысынан — 2, Қарағанды облысынан — 1, Маңғыстау облысынан — 5 адам тіркеліп отыр. Аудандық мәслихаттарға — 9 адам, соның ішінде Ақмола облысынан — 3, Маңғыстау облысынан — 3, Павлодардан — 3 адамның аты ұсынылды. Қалалық мәслихаттарға депутаттықтан 15 адам үміткер: атап айтсақ, Ақмола облысынан — 6, Батыс Қазақстан облысынан — 3, Қарағанды облысынан — 4, Маңғыстау облысынан — 2 адам ат ұсынып отыр.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 20-қыркүйекте республикамыз бойынша 3322 округте 2677 мәслихат депутаты сайланды. 89 округте сайлау қайтадан
жүргізілсе, қалған округтерде 12-қазанда қайтадан дауыс беру шарасы өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар