Жарияланды: 450

ҚР мәжілісі ғарыш қызметі саласындағы 2 заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

ҚР парламентінің мәжілісі ғарыш қызметі саласындағы 2 заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«Бірінші оқылымда ғарыш қызметі туралы заң жобасы мен ҚР заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ілеспе заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды», - деп хабарлайды агенттік тілшісі сәрсенбі күні мәжілістің пленарлық отырысынан. ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабековтың ақпаратына сәйкес, Қазақстанға «ғарыш қызметі саласында мемлекеттік басқару органдары, шаруашылық субъектілері мен азаматтардың арасындағы қарым-қатынастарды заң жүзінде реттеу қажет». «Қолданыстағы нормативті-құқықтық база ғарыш қызметін тиімді дамытуға бағытталған шешімдерді дер кезінде қабылдауға мүмкіндік бермейді. Қазақстанның шетелдермен келісім-құқықтық қатынастары ынтымақтастықтың жеке бағыттарын ғана реттеп, мемлекеттің ғарыштық әлеуетін дамытуға әсер етпейді», - деді М. Молдабеков аталған заң жобаларын таныстыра отырып. Экономикалық реформа және аймақтық даму комитетінің қорытындысына сәйкес, заң жобаларының мақсаты ғарыш қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды, бірінші кезекте, оны жүзеге асырудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысында құқықтық реттеу болып табылады. Сондай-ақ, ғарыш қызметін мемлекеттік реттеу мен бақылау, оның қауіпсіздігі, ғарыш қызметі саласындағы бұзушылықтар үшін жауапкершілік мәселелері де регламенттеледі. «Ғарыш қызметі саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу, ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу көзделген», -делінген салалық комитеттің қорытындысында. «… Заң жобасы ғарышкерлердің әлеуметаралық қамсыздандырудың құқықтық ережесін белгілейді», деді Қазғарыш өкілі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін