Құжатқа сәйкес, жаңа кәсіпорынның басты мақсаты — білім саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметін атқару. Яғни мекеме республиканың азаматтық авиациясы үшін ұшқыштар мен елдің Қарулы күштерінің әуе қорғаныс күштері әскери институтына арнап әскер қатарына шақырылатын жасқа дейінгі азаматтарды алғашқы дайындықтан өткізумен айналысады.
Сонымен қатар , мекемеге пилоттарды алғашқы дайындықтан өткізуге қолайлы жағдай жасау міндеті жүктеледі.
Мекемеге мемлекеттік басқару міндеті ҚР көлік және коммуникация министрлігің азаматтық авиация комитетіне тапсырылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті